«Еуразиялық экономикалық одақ пен Тәуелсіз мемлекеттер достастығы кеңістігінде интеграциялық процестерді жалпы айқындау - ЕАЭО және ТМД қатысушы елдер БАҚ-тарының, бірінші кезекте мемлекеттік медиақұрылымдардың бірлескен күш-жігерін ары қарай өркендетуін қажет етеді», - деп мәлімдеді «ҚазАқпарат» ХАА Бас директорының бірінші орынбасары Данияр Өтешев.
Осы тұрғыда агенттікте бірыңғай жаңалықтар алмасу жүйесі болып табылатын ЕАЭО және ТМД елдері жаңалықтарын біріктіру жүйесі жүргізіліп жатыр. Оның таныстырылымы келесі жылға жоспарланған.
Д.Өтешев атап өткендей, «ҚазАқпарат» ХАА ЕАЭО-дағы «ТАСС», «Кабар», «Арменпресс», БелТа сынды әріптестерімен және ТМД-ның басқа да Ақпарат одағының қатысушыларымен тығыз қарым-қатынас орнатқан.