Данияр Сарекенов Словения Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елші болып тағайындалды

Фото: Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM — Мемлекет басшысының Жарлығымен Данияр Қабидоллаұлы Сарекенов Қазақстан Республикасының Словения Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті.