Данияр Шәкәрімов Семей қалалық мәслихатының төрағасы қызметіне сайланды

СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семей қалалық мәслихатының төрағасы болып Данияр Шәкәрімов сайланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Фото: Семей қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Данияр Қайырханұлы 1981 жылы Абай облысы Аягөз қаласында туған.

Еңбек жолын 2000 жылы Семей қаласының наркологиялық диспансерінде есепші болып бастады.

2004-2013 жылдары Қазақстан Республикасы кедендік бақылау агенттігінің ШҚО кедендік бақылау департаментінде түрлі лауазымда жұмыс істеді.

2014-2016 жылдары Қазақстан Республикасы қаржы министрлігі ШҚО мемлекеттік кіріс департаментінде бас маман лауазымын атқарған.

2016-2018 жылдары аралығында Жезқазған қаласы «KAZTYRE» ЖШС-ның мемлекеттік сатып алу бойынша маманы.

2018-2019 жылдары Семей қаласының кәсіпкерлік бөлімі басшысының орынбасары, 2019-2021 жылдары аталған бөлімнің басшысы болды.

2022 жылдың мамыр-қараша айлары аралығында Семей қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы қызметін атқарған.

2022 жылдың қарашасынан осы уақытқа дейін Семей қаласы әкімінің орынбасары болып еңбек етті.