АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстандық велоспортшы Данияр Шаяхметов тректегі велоспорттан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында күміс медаль иеленді, деп хабарлайды Olympic.kz.
Велошабандоз кейрин бағдарламасында сынға түсті. Ол жеңімпаздан 0.026 секундқа ғана қалып қойған.
Осылайша, әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды.
Айта кетелік, тректегі велоспорттан жасөспірімдер арасындағы әлем біріншілігі Қытайда өтіп жатыр.
Турнир 21-25 тамыз аралығына жоспарланған.
Эльмира Оралбаева
Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университетінің түлегі. 2023 жылдан бастап Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінде шығарушы редактор қызметін атқарып келеді.