Агенттікке белгілі болғандай, делегация мүшелері арасында МАГАТЭ экс-директоры Мұхаммед әл-Барадей мен Испанияның бұрынғы премьер-министрі Хосе Луис Родригес Сапатеро бар, деп жазады РИА Новости .
«Құрамында Нобель сыйлығынының лауреаттары мен бұрынғы саясаткерлер бар «Данышпандар кеңесінің» мүшелері 18 қыркүйек күні Астанада Президент Нұрсұлтан Назарбаевпен кездеседі. Ал бір күн бұрын Қазақстанның ресми өкілдерімен кездесу өтеді», - деді Боссар.
Оның айтуынша, кеңес мүшелері ядролық қаруды таратпау туралы жүргізілген жұмыстардағы Қазақстанның роліне жоғары баға беріп, Украина мен Сириядағы шиеленіскен мәселелерді шешуге ат салысқаны, сондай-ақ «Астана-2» конференциясын өткізуге күш салғандығы үшін алғыс білдірмек.