«Дарьял-У» нысанындағы конденсаторлар кәдеге жарату үшін 2011 жылдың ортасына дейін Германияға жөнелтілмек
Оның сөзіне қарағанда, аталмыш қауіпті конденсаторларды кәдеге жаратумен айналысатын Германиядағы зауыттың жұмысын неміс билігі оның жанындағы өзенде полихлорланған дифенилдердің табылғанына байланысты тоқтатып тастаған. «Неміс билігі тамыз айында аталмыш кәсіпорынның жұмысын қалпына келтіру жөнінде шешім қабылдағаны жайлы бізді ақпараттандырды. Қазіргі таңда қауіпті жүкті төрт елдің, атап айтқанда Қазақстан, Ресей, Беларус және Польшаның аумағынан алып өту жөніндегі барлық құжаттарға қол қойылды. Өз кезегінде зауыт конденсаторлары кәдеге жаратуға дайын екендігін қуаттады. Қазіргі уақытта тек оны тасымалдайтын көлік мәселесі пысықталуда», деді ол.
Е. Сәдуақасова Дарьял-У-дағы конденсаторларды келесі жылғы жазға дейін тасымалдап біту жоспарланып отырғанын жеткізді «Барлығы зауыттың көлік, жүкті алып өту мәселесін шешуіне байланысты болып тұр. Енді аталмыш жүкті тасып шығарумен айналысатын компания оны тасымалдау және шығару кестесін келісуі тиіс», деді ол.