Дарабоз балаларға арналған шығармалар бәйгесі биыл да өткізіледі

АЛМАТЫ. Қазанның 6-сы. ҚазАқпарат /Нәзира Елеухан/ -  Алматыда «ZHERSU» корпорациясы мен Қазақстан Жазушылар одағының ұйымдастыруымен өткізіліп келе жатқан «Дарабоз» атты халықаралық байқауы биыл да өткізіледі,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Дәстүрге айналған бәйге биыл да жалғасын тапқанына қуаныштымын. Балалар әдебиетіне арналған халықаралық «Дарабоз» байқауы биыл 4-ші рет өткізілейін деп отыр. Байқаудың өтуіне демеушілік жасап келе жатқан «ZHERSU" корпорациясының басшысы Бауыржан Оспанов. Отандық компанияны - балалар әдебиетінің жанашыры деп айтсам болады. Бәйге балаларға арналған шығармаларғабайқау болғаннан кейін, шараның мақсаты біріншіден балалардың, жас өскіннің назарын өз кітабына аудару, бұрғызу болып табылады. Сонымен қатар, балалар жазушыларына қолдау көрсету арқылы жас ұрпақтың туған еліне деген сүйіспеншілігін қалыптастырып, ұлтжанды, білімді өскелең ұрпақ тәрбиелеу», дейді байқаудың өтуіне ұйтқы болған жазушы, «Алаш» сыйлығының иегері, «Балапан әлемі» журналының редакторы Шәкен Күмісбайұлы.

Бәйгеге 1-8-сынып оқушыларына арналған, бұрын еш жерде жарияланбаған прозалық, поэзиялық, сахналық шығармалар қабылданады.  Бәйгеге жазушылар мен талапкерлер, шет елдегі қаламгер қандастарымыз (шығармалар бүгінгі қазақ әліпбиімен кириллицамен жазылуы міндетті) қатыса алады. Бас бәйгеге 350 мың теңге көлемінде сыйақы тағайындалды.

Шығармалар 2010 жылғы   сәуірдің  20-сына  дейін қабылданып, бәйге қорытындысы Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында шығарылады. Жүлде алған үздік шығармалар «Кәусар бұлақ» деген атпен кітап болып шығып, республика мектептеріне тегін таратылады.