«Дарбаза - Мақтарал», «Бақты - Аягөз» теміржол желілерінің құрылысы қашан басталады

Фото:
АСТАНА. ҚазАқпарат – Биыл Алматы стансасын айналып өтетін теміржол желісінің құрылысы басталады. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Осы жылдың соңына дейін «Дарбаза - Мақтарал», «Бақты - Аягөз» сынды жобалардың техникалық құжаттамаларын әзірлеу жұмыстары аяқталуы тиіс. Содан кейін аталған жобалардың құрылысын бастауды межелеп отырмыз», - деді Марат Қарабаев министрліктің кеңейтілген алқа отырысында.

Осы орайда министр былтыр еліміздің транзиттік әлеуетін нығайтуға бағытталған теміржол саласындағы ірі инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру басталғанын атап өтті.

«Мәселен, 2022 жылдың қараша айында ауқымды жобалардың бірі – «Достық-Мойынты» теміржол учаскесінің екінші торабының құрылысы қолға алынды. Осы жобаны іске асыру арқылы пойыздарды өткізу 5 есеге ұлғайтылады деп көзделіп отыр. Биыл Алматы стансасын айналып өтетін теміржол желісінің құрылысын бастап, сондай-ақ транзиттік учаскелердегі тар шеңберлі жерлерді жою жөніндегі жұмысты жалғастыру жоспарланған», - деді ол.


Соңғы жаңалықтар