Әр құйманың орташа салмағы 1 келідей болатын алтын ұшақ қонғаннан кейін табылды. Олар екі сөмкеге салынған болып шықты. Алтынның жалпы құны шамамен $1,1-1,4 млн. Ұшақ Jet Airways әуе компаниясына тиесілі.
Алтын контрабандасына қатысты айыпталушы жайлы полиция ресми түрде мәлімдеме жасамады, бірақ рейстің бір жолаушысы тергеуге алынды деген ақпар бар.