Дәрігерлер Рим папасының денсаулығына қатысты деректі жариялады
16:51, 11 Наурыз 2025
АСТАНА. KAZINFORM – 10 наурызда Рим папасы Францисктің дәрігерлері оның денсаулығына қатысты болжамды жақсартты, деп хабарлайды Kazinform меншікті тілшісі.
88 жастағы Рим папасын бақылайтын дәрігерлер тобы болжам жасады.
- Клиникалық картинаның күрделілігі мен қабылдау кезінде анықталған жұқпалы картинаны ескере отырып, фармакологиялық дәрі-дәрмекпен емдеуді стационар жағдайында қосымша күндер бойы жалғастыру қажет, - делінген Ватикан бюллетенінде.
Бұған дейін Рим папасының денсаулығы жайлы жазған болатынбыз.