Дархан Ахмедиев Қорғаныс министрінің орынбасары болып тағайындалды

None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысының өкімдерімен бірқатар тағайындау болды, деп хабарлайды Ақорда.

Мемлекет басшысының өкімдерімен:

Дархан Мейрамұлы Ахмедиев Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды;

Лұт Сапуұлы Әлшекенов Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінің бастығы лауазымына тағайындалды.