ТОКИО. ҚазАқпарат - Токио Олимпиадасында қазақстандық Дархан Асадилов (67 келі) каратэ-додан жартылай финалға шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Үшінші жекпе-жегінде ол Саго Наотодан 3:0 есебімен басым түсті.
Ол бұған дейін әзербайжандық Фирдовси Фарзалиев және түркиялық Эрай Самданнан айласын асырды.
Дархан Асадилов 1987 жылы 8 тамызда дүниеге келген. Әлем чемпионатында екі мәрте жүлдегерлер қатарынан көрінді.
Азия чемпионатында бірнеше дүркін жүлделі болды.
Енді Дархан Асадилов жартылай финалда шеберлік байқасады.
Оған екі топта алғашқы екі орынға ие болған спортшылар шықты. Төрт спортшы өзара кездесіп, жүлделі орындарды сарапқа салады.
ФОТО: Владислав Семенов, Қазақстан ҰОК
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.