ТОКИО. ҚазАқпарат - Токио Олимпиадасында қазақстандық Дархан Асадилов (67 келі) каратэ-додан екінші жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бұл жолы қазақстандық спортшы Фирдовси Фарзалиевпен кездесті. Отандасымыз қарсыласынан 6:2 есебімен басым түсті.
Еске салсақ, ол алғашқы жекпе-жегінде түркиялық Эрай Самданнан айласын асырды.
Енді Дархан Асадилов жапониялық Саго Наотомен шеберлік байқасады.
Жартылай финалға өз тобында алғашқы екі орын алған спортшылар шығады.
Дархан Асадилов 1987 жылы 8 тамызда дүниеге келген.
Әлем чемпионатында екі мәрте жүлдегерлер қатарынан көрінді.
Азия чемпионатында бірнеше дүркін жүлделі болды.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.