Дархан Кәлетаев Қазақстанның Украинадағы елшісі лауазымынан босатылды

Фото: Фото: Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM –   Дархан Кәлетаев Қазақстан Республикасының Украинадағы Төтенше және өкілетті елшісі лауазымынан босатылды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

— Мемлекет басшысының Жарлығымен Дархан Аманұлы Кәлетаев Қазақстан Республикасының Украинадағы Төтенше және өкілетті елшісі лауазымынан босатылды, — делінген Ақорданың хабарламасында. 

Айта кетелік бүгін Президент Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасарларын тағайындаған еді. Сонымен қатар 

Президент бірқатар мемлекеттің елшісінен сенім грамоталарын қабылдады.