Министрдің айтуынша, Елбасы жақын болашақта мемлекеттің алдында тұрған шетін мәселелерді бүкпесіз, ашық талқыға салып, ол мәселелерді шешудің жолдарын айқын көрсетіп берді.
«Елбасы мен елдің арасындағы мұндай байланыс форматы жұрттың көңілінен шыққаны анық. Соның ішінде, Мемлекет басшысының 2019 жылды «Жастар жылы» деп жариялау туралы бастамасы қазақстандық жастардың қызу қолдауын туғызғанын баса айтқым келеді. Президент ұсынысы жастардың болашаққа деген сенімі мен үмітін еселеп арттырып жатқандай. Мұны біз қоғамдағы, ақпарат құралдары мен әлеуметтік желідегі жастардың позитивті, толассыз пікірлерінен айқын байқап отырмыз. Әрине, Елбасымыздың алдағы жылды «Жастар жылы» деп жариялауы біздің министрлік үшін де үлкен мәртебе әрі зор жауапкершілік екенін терең түсінеміз. Біз Президент Жолдауындағы өзекті де нақты тапсырмаларды ойдағыдай және уақытында орындауға бар күш-жігерімізді салатын боламыз»,-деді министр.