Дархан Кәлетаев журналистерді марапаттады

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Ақпарат және байланыс қызметкерлері күніне орай ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі Дархан Қалетаев журналистерді кәсіби мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Атап айтқанда, дін және азаматтық қоғам, жастар саясаты саласындағы мемлекеттік саясатқа ақпараттық қолдау көрсеткен тілшілер марапатталды.

Министрдің алғыс хатын «Хабар» телеарнасының продюсері Жанна Жайлаубайқызы, «Хабар» телеарнасының тілшісі Гүлназ Айтақова, «Qazaqstan» телеарнасының продюсері Гүлвира Бекқұлиева, «Егемен Қазақстан» газетінің тілшісі Рауан Қайдаров,  «Казахстанская правда» газетінің тілшісі Инеш Біржанова, «Содружество» пресс-клубының орталықазиялық бағытың редакторы Жанар Төлендинова алды.

Сондай-ақ, марапатқа ие болғандар қатарында «BAQ.kz» ақпарат агенттігінің тілшісі Дәурен Ерболат, «Іnformburo» сайтының репортері Әмина Малакшинова, «ҚазТАГ» ақпарат агенттігінің тілшісі Баубек Қоңыров және «Atameken business channel»телеарнасының продюсері Ерболат Мұхамеджан бар.

«ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігінің шеф-редакторы Айгүл Төлекбаева, шығарушы редакторы Алмас Жұмабаев пен агенттік тілшісі Айжан Серікжанқызы да Алғыс хатпен марапатталды.

Сонымен бірге, салтанатты жиында министр Қалетаев танымал журналист Қанат Әуесбай мен Астана телеарнасының жүргізушісі Ерлан Сисеновты құттықтады.