Дархан Қыдырәлі мен Дәулет Кәрібек «Nur Otan» Саяси кеңесі Бюросының құрамына енді

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Nur Otan» партиясының Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев партияның Саяси кеңесі Бюросының құрамына өзгеріс енгізуді ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Елбасы атап өткендей, бюроның қазіргі құрамында 11мүше бар.

«Бұрын айтқанымдай, халыққа барынша жақын болукерек. Шенеунікке тән сипаттан арылған жөн. Сол себепті, жастарға қолдаубілдіріп, әсіресе,ауыл жастарын қолпаштап, интеллигенцияментұрақты диалогты жолға қойған абзал. Сол себепті, Саяси кеңес Бюросыныңқұрамына өзгеріс енгізу ұсынылып отыр.Мәулен Сағатханұлы Әшімбаев мемлекеттік қызметке өтті. Оған сәттілік тілепқоялық. Бақыт Тұрлыханұлы Сұлтанов мемлекеттік қызметке барып, министр атанды.Оған да рахмет!»,- деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Елбасы сөзін жалғастыра келе, Бюро құрамынан шығып қалған мүшелердіңорнына «Egemen Qazaqstan» республикалық газеті» АҚ Басқарма төрағасы Дархан ҚуандықұлыҚыдырәліні енгізуді ұсынды.

«Ол көпке белгілі. Газетті көтерді. Біздің интеллигенциямен байланысы мықты. Соныменбірге, «Jas Otan» жастар қанатының лидері Дәулет Кәрібекті ұсынамын. Жастардыңатынан сол сөйлесін», - деді Елбасы.

Нұрсұлтан Назарбаевтың бұл ұсынысын партияластарыбір ауыздан қолдап, дауыс берді.

Соңғы жаңалықтар