«Айта кетейік, бүгін қонақтар арасында Meta және TikTok-тың жауапты өкілдері отыр. Біз бұл ірі компаниялармен тығыз байланыста жұмыс істейтін боламыз. Meta Қазақстанда өкілдік, ал TikTok офис ашуға, сонымен қатар медиасауаттылыққа оқытуға ниетті», - деді министр.
Сонымен қатар, ол визуалдыконтент ақпарат алудың негізгі көзіне айналып бара жатқанын еске салды.
«2021 жылдың деректері бойынша 16-64 жас аралығындағы интернет пайданушылардың 63 проценті интернетті негізінен ақпаратқа жылдам қол жеткізу үшін пайдаланады. Осылайша интернеттегі жаңалықтар мен визуалды контент ақпаратты қабылдаудың негізгі арнасына айналды», - деді Дархан Қырыәлі.