Дархан Маханов Күзет қызметін бақылау комитетінің төрағасы болып тағайындалды
14:49, 21 Ақпан 2026
АСТАНА. KAZINFORM – Ішкі істер министрінің бұйрығымен ІІМ Күзет қызметін бақылау комитетінің төрағасы лауазымына Дархан Маханов тағайындалды.
- Полиция полковнигі ішкі істер органдары жүйесінде мол тәжірибеге және басқарушылық қабілетке ие. Бұған дейін ол аталған құрылымды департамент кезінде басқарған, кейін ол комитет болып қайта ұйымдастырылды, - делінген ақпаратта.
ІІМ басшысы Ержан Саденов Дархан Махановтың кәсіби біліктілігі мен басқарушылық қасиеттерін атап өтіп, жаңа қызметіне табыс тіледі.
Айта кетейік, бұған дейін Қызылорда облыстық садақ ату федерациясының басшысы тағайындалды.