«Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының тұтастығы мен Тәуелсіздігін нығайтуға, оның Конституциясы мен заңдарына қатаң бағынуға, депутаттың өзіме жүктелген мәртебелі міндеттерін адал атқаруға ант етемін», - деді Дархан Мыңбай Мәжілістің жалпы отырысында.
Бұдан бұрын хабарланғандай, биыл ақпанда Д. Мыңбай Парламент Мәжілісінің депутаты болып тіркелді. Ол Мәжілістің Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің мүшесі.