Дархан Сатыбалды республикалық референдумда дауыс берді
13:03, 15 Наурыз 2026
АЛМАТЫ. KAZINFORM — Алматы әкімі Дархан Сатыбалды жаңа Конституция жобасы бойынша өткізілген республикалық референдумда дауыс берді.
Қала басшысы Алматы қаласындағы сайлау учаскелерінің бірінде таңдау жасады.
Қалада дауыс беруді ұйымдастыру үшін таңғы 7:00–ден бастап барлығы 653 референдум учаскесі ашылды. Олар белгіленген тәртіпке сәйкес жұмыс істеп жатыр.
Заңнама талаптарына сай өтіп жатқан дауыс беру сағат 20:00–ге дейін жалғасады. Учаскелер жұмысы аяқталғаннан кейін референдум қорытындыланады.