Ол тек Елбасының тапсырмалары негізінде ғана дамытылып, Мемлекет басшысы алға қойған «Фармацея» құрылымы осы саладағы ішкі сұранысты дұрыс қамтамасыз етуге мүмкіндік жасады. Жалпы дәрі-дәрмектерді отандық өнім өндірушілерден сатып алу мәселесі ұзақмерзімді мемлекеттік сатып алу шарасы негізінде жүзеге асады», деді бүгін Премьер-Министрдің орынбасары - Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешов Парламент Мәжілісінде өткен Үкімет сағатында.
Осы ретте елімізде 8 жаңа өндіріс ошағын іске қосу жоспарланып отыр. Сондай-ақ «Химфарм» акционерлік қоғамы Шымкент қаласында таблеткаланған дәрі-дәрмектер мен ампуладағы инфузиялық қоспаларды және антибиотиктер шығару ісін жолға қояды. Бұған қоса Астанада вакцина мен инсулин шығарылады. «Глобал Фарм», «Нобель», «Ромат», Фтиохимия сынды жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері таблеткалар мен құтылар және мазьдар шығарады. «Нәтижесінде елімізде отандық дәрі-дәрмектер өндірушілер өнімдерінің үлесі артады. Олардың арасында асқазан, ішек ауруларына қарсы дәрілер - 80 пайызға, диабетке қарсы дәрілер - 60 пайызға, онкологиялық ауруларға қарсы дәрілер - 52 пайызға, вакцина өндірісі 67 пайызға өседі деп күтілуде», деді Ә.Исекешов.