Оның орындауында танымал орыс және еуропалық авторлардың романстары шырқалады.
Д.Назарбаеваның барлық кештері сияқты, бұл концертті де музыка өнерін халықтың барлық жіктеріне қолжетімді ету мақсатын көздеген мәдени-әлеуметтік жоба деп қарастыруға болады. Концертке билеттер тегін таратылады. Шақырылған қонақтардың арасында - педагогтер, дәрігерлер, еңбек сіңірген зейнеткерлер, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі адамдар да болмақ. Концерт аясында әншінің репертуарындағы шығармалардың ноталық жинақтары, сондай-ақ оның «Саro mio ben» атты жаңа альбомы тегін таратылады.
Концертке ҚР еңбек сіңірген қайраткері Тимур Орманшиев (фортепиано), Абай атындағы мемлекеттік академиялық опера және балет театрының әншісі Мейір Байнеш (тенор), Ермек Құрманаев (виолончель), Еркебұлан Сапарбаев (скрипка) қатысады. Жүргізуші Серік Ақышев.