Әскери бөлімде сенаторға барлау бөлімшесінің нысанды киімдерін, «Амфибия» бөлімшесінің, таулық, жалпы әскери, шабуылдау бөлімшесінің жабдықталуын, сондай-ақ салтанатты әскери киім нысанын көрсетті.
«Батыс» өңірлік әскерлерінің қолбасшысы, генерал-майор Дәулет Оспанов бөлімнің қалай құрылғандығы туралы әңгімеледі, сондай-ақ әскери трофейлер музейін көрсетті.
Танысу кезінде Дариға Назарбаева қазақстандық өнімдерге назар аударды.
Біздің әскердің қаруларында «Арлан» бронды машинасы, БТР-60 командалық бронды машина, жаңғыртылған цифрлы радиорелелік Р-409 стансасы, әмбебап ұтқыр байланыс кешені, Талис» және «Тадиран» радиостансасы, АКМ-72 автоматы, ПП-90 тапанша-пулеметі бар.