Концертке мүгедектер, ардагерлер, балалар үйі мен интернаттың тәрбиеленушілері, дәрігерлер және мұғалімдер шақырылды. Облыс әкімінің орынбасары Серік Бектұрғановтың хабарлауынша, билеттің бәріне меценаттар төлеп қойған.
Дариға Назарбаева аталған шараға қатысты баспасөз мәжілісін өткізіп, тілшілердің сұрақтарына жауап берді. «Депутаттық міндетімді басты жұмысым деп санағанмен, өмірде маған ән ғана күш береді», - деді депутат.