Сенаттың жалпы отырысынан кейін тілшілер сенатордан ҚР Тұңғыш Президенті күні мен алдағы демалыс күндерін қалай өткізетінін сұрады.
«Отбасымен және табиғат аясында атап өткен жөн. Биыл осы мезгілде ауа райы да өте жақсы болып тұр. Яғни Астанада күздің бұл күндері өзінің жылы лебімен ерекшеленуде. Сонымен қатар қар да аз түсті. Атап айтқанда, балаларыңмен, өзіңнің туған-туысқандарыңмен көбірек бірге болуға тырысу керек. Сондай-ақ табиғатқа шығуға көңіл бөлген дұрыс, себебі осының барлығы адамға күш-қуат береді әрі көңіл-күйді серпілтеді», - деді ол.
Осы орайда Сенат депутаты отбасылық қатынастар мен денсаулықты нығайту үшін алдағы демалыс күндерін ұтымды пайдалануға кеңес берді.
«Барлық Қазақстан халқын алдағы мереке күнімен құттықтаймын!», - деді Дариға Назарбаева.