Дариға Назарбаева өзін Елбасының мұрагері ретінде қарастырмайды

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Парламенті Сенатының алқа мәжілісінен кейін тілшілерге берген сұxбатында Сенат депутаты Дариға Назарбаева биліктегі мұрагерлік туралы болжамдарға пікір білдірді.

«Сіз өзіңізді билік мұрагері деп санайсыз ба?» деген сауалға Дариға Назарбаева:

«Мен өзімді Отанына адал әрі шын берілген, Президенттің командасындағы адам ретінде санаймын. Сондықтан мұрагерліктің айналасындағы болжамдар мен жорамалдар спекуляция болып табылады», - деп жауап қатты.

Айта кетейік, Дариға Назарбаева ҚР Парламенті Сенатының депутаты болып тағайындалды. Бұның алдында ол ҚР Премьер-Министрінің орынбасары қызметін атқарған болатын.