НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ағымдағы жылдың 9 маусымында өтетін кезектен тыс президенттік сайлауға Сенат төрағасы Дариға Назарбаева кандидат ретінде қатыспайды. Бұл жайында Сенат спикерінің көмекшісі Сәуле Мұстафаева айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Жоқ, Дариға Нұрсұлтанқызы сайлауға түспейді», - деді ол.
Айта кетейік, бүгін ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық телеарналар арқылы Қазақстан халқына үндеу жолдап, онда 2019 жылдың 9 маусымында кезектен тыс Президенттік сайлау өтетіндігін жариялаған болатын.
Марлан Жиембай
Абай облысының Аягөз ауданында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетін бітірген. 2005 жылдан бері "ҚазАқпарат" халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істейді.