Дариға Назарбаева Сенат депутаты болып қайта тағайындалды

None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Президентінің Жарлығымен Дариға Назарбаева Сенат депутаты болып қайта тағайындалды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

ДариғаНұрсұлтанқызы Назарбаева 1963 жылы Қарағанды облысының Теміртау қаласындатуған. 1983 жылы М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетініңтарих факультетін, 1985 жылы С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттікуниверситетінің тарих факультетін бітірген. 1985-1987 жылдары - М.В. Ломоносоватындағы Мәскеу мемлекеттік университеті тарих факультетінің тағылымдамаданөтуші-зерттеушісі. 1987-1990 жылдары - М.В. Ломоносов атындағы Мәскеумемлекеттік университетінің аспиранты. Саяси ғылымдар докторы, тарихғылымдарының кандидаты. 1992-1994 жылдары - «Бөбек» балалар қайырымдылыққорының вице-президенті. 1994-1995 жылдары - «Қазақстан теледидары мен радиосы»республикалық корпорациясының вице-президенті, «Хабар» Ұлттық телевизиялықақпараттық агенттігінің директоры. 1995-1998 жылдары - «Хабар» Агенттігі»республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бас директоры. 1998-2001 жылдары -«Хабар» агенттігі» ЖАҚ-ның президенті. 2001-2004 жылдары - «Хабар» агенттігі»ЖАҚ-ның директорлар кеңесінің төрайымы. 2004-2007 жылдары - ІІІ сайланғанҚазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Республикалық «Асар» партиясыныңтізімі бойынша сайланған депутаты, «Аймақ» депутаттық тобының жетекшісі.2007-2012 жылдары - «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Қоры» қоғамдыққорының директоры. 2012-2014 жылдары Қазақстан Республикасы ПарламентіМәжілісінің депутаты, Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрайымы. 2014-2015жылдары - ҚР Парламенті Мәжілісі төрағасының орынбасары. 2015 жылғы қыркүйектенҚР Парламенті Сенатының депутаты, Халықаралық қатынастар, қорғаныс жәнеқауіпсіздік комитетінің төрайымы болды. 2019 жылдың наурызынанҚР Парламенті Сенатының төрағасы болды.

«Нұр Отан» ХДП саяси кеңесінің мүшесі. 2001 жылдан бастап Еуразиялық медиафорумының ұйымдастырушысы және ұйымдастыру комитетінің төрайымы. «Құрмет»,«Парасат» орденімен және Франция Республикасының Әдебиет және өнер орденіменмарапатталған. Ағылшын, итальян, неміс тілдерін меңгерген.