Дариға Назарбаева Сенатта қорғаныс және қауіпсіздік мәселелерін басқаратын болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Парламенті Сенатының алқа мәжілісінде Дариға Назарбаева Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрайымы болып сайланды.

Айта кетейік, өткен аптада Дариға Назарбаева ҚР Премьер-Министрінің орынбасары қызметінен ҚР Парламенті Сенатының депутаты қызметіне ауысқан болатын.

Оның кандидатурасын ҚР Парламенті Сенатының пленарлық отырысында Палата төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынды.

«Біз бәріміз білеміз, бұл кісінің бұл салада тәжірибесі мол. Сондықтан талқылаудың қажеті жоқ шығар», - деді Қ. Тоқаев.

Қаулыны депутаттар бірауыздан қолдады.

«Дариға Нұрсұлтанқызы, комитет төрайымы ретінде сенаттың жұмысына жаңа серпін бересіз деп бәріміз сенеміз», - деді ол.