Бұған дейін, БАҚ-та Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы елдеріне жеке әскери компанияларды заңдастыру жөнінде ұсыныс жасалғандығы хабарланған еді.
Сенаттың жалпы отырысынан кейін тілшілер тарапынан қойылған аталған ұсынысқа қатысты сұраққа Дариға Назарбаева пікірін білдірді.
«Қазақстан аумағында осындай компаниялар жоқ. Бұл мәселе мұндай жеке әскери компаниялары бар елдерге қатысты деп ойлаймын», - деді ол.
Сонымен қатар Д. Назарбаева аталған компаниялар Қазақстанға керек емес деген ойын қосты.
«Мұндай идеяны қолдамаймын. Бұлар адам өлтірудің жеке машинасы іспеттес, сондықтан мұндай компаниялар болмауы тиіс»,- деп қадап айтты депутат.