Дариға Шәкімова Қытайдағы бокс турнирінде «күміс» жүлдені иеленді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайда лицензиялық турнирде әйелдер арасында финалдық жарыс өтуде, деп жазды Sports.kz.

75 келіге дейінгі салмақта  рингке қытайлық  Кван Ли мен қазақстандық  Дариға Шәкімова шықты.   Жарыс өткізуші елдің өкілі   - 3:0 (40:36, 40:36, 40:36) есебімен басым түсті.

Бұдан бұрын турнирде бірінші орынды Жасұлан Әлімханұлы (75 келі), екінші орынды   Әділбек Ниязымбетов  (81 келі), ал Олжас Сәттібаев (52 келі) пен Қайрат Ералиев (56 келі) тиісінше - үшінші орынды иеленген болатын.