Дәрігер коронавирустан кейінгі асқынулардың алдын алу жолдарын айтты

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қалалық 36 емхананың жалпы практика дәрігері Рауан Нұркенов коронавирустан кейінгі асқынуларды болдырмау жолын айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Дәрігердің айтуынша, көп жағдайда адамдарда коронавирус жеңіл өтеді және ағзасында вирустың бар екенін білмеуі де мүмкін.

«Қазір дәрігерлер ПТР-тестілеу нәтижелеріне сүйенеді. Егер ПТР-тест оң нәтиже көрсетсе, пациент дереу өзін-өзі оқшаулауға жіберіледі. Онымен байланыста болған адамдармен жұмыстар жүргізіледі», - деді ол.

Дәрігер әр адамның жеке иммундық жүйесі бар екенін және коронавирус әр адамда әртүрлі өтетінін атап өтті.

«Коронавирус инфекциясының жеңіл түрінен сауыққан соң, триггер ауруының сипатын көрсететін жағдайлар кездеседі. Бұл бұрын коронавируспен ауырған кезде болмаған созылмалы аурулардың өршуіне әкеп соғады», - деді медицина маманы.

Сонымен қатар, дәрігер оқшаулануды дұрыс сақтаған және дұрыс емделген жағдайда сырқат асқынусыз өтетінін атап өтті.

«Коронавируспен ауырғаннан кейін үш ай өткен соң, мемлекет тарапынан оңалту қарастырылған. Бұл постковидтік кезеңде жақсы қалыпқа келуге ықпал етеді. Оңалту жоспарына физио-емдеу, тұзды шахталар, жүзу және санаторлық-курорттық көрсеткіштер кіреді», - деп түйіндеді дәрігер.