«Дәрігерлерге қаралған әйел мүлдем басқа ауруға байланысты ем іздеп келген. Денедегі бөгде затты, яғни пинцетті біз ойда жоқта томография арқылы байқап қалдық», - дейді Тодуа.
Клиникаға қаралған әйел 25 жыл бұрын өт қабына ота жасатқан екен. Хирург салғырттығынан медицина құралы науқастың ішінде қалған.
«Ол өзінің ішінде пинцет жүргенін 25 жыл бойы байқамаған. Бөгде затты денесінен алып тастадық, қазір өзін жақсы сезінеді», - деді дәрігер.