Дәрігер пациентті ұрып өлтірді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресейдің Белгород қаласындағы №2 ауруханасында терапия бөлімінің дәрігері пациентті медбикеге тисікені үшін соққыға жығып, өлтірді. Бұл туралы «360 Подмосковье» телеарнасынан хабарлады.

Оқиға 2015 жылдың 29 желтоқсанында науқастарды қабылдау бөлмесінде орын алған. Болған жағдай толығымен бейне-бақылауға түсірілген.