Дәрігерге қаралу Астана, Алматы және Атырау тұрғындарына қымбатқа түсуде

АСТАНА. ҚазАқпарат  -  2016 жылы Қазақстанда дәрігерге көріну қымбаттады, әсіресе Алматы, Астана және Атырау тұрғындарының қалталарына ауыр тиюде, деп хабарлады energyprom.kz.

Денсаулық сақтау және әлеуметтік қызмет көрсету ұйымы 2016 жылғы 3 тоқсанда қазақстандықтарға 259 миллиард теңгеге қызмет көрсетті - бұл өткен жылғымен салыстырғанда, 18,8%-ға көп.

2017 жылдың қаңтарындағы мәліметтерге сәйкес, қазақстандықтарға дәрігерге қаралу 2016 жылғы қаңтарға қарағанда 2146 теңгеге немесе 14,8%-ға қымбатқа түсті. Ең жоғары баға Алматыда - 3726 теңге, Атырауда - 3412, Астанада - 2780 теңге.

Стоматология қызметтері (ауырғанды басатын дәрі егу мен тіс жұлу) 2961 теңгеге дейін, 11,8%-ға көтерілді. Ең қымбат ем-дом Астанада тіркелді - 7411 тг.

Талдау, зерттеу бағалары да өсті: Құрсақ қуысын УДЗ-ға түсіру бір айда қазақстандықтарға 2575 теңгеге түсті. Жалпы қан талдауы - 800 тг, зәр талдауы - 579 тг.

Елдің ірі қалаларының арасында ең қымбат УДЗ Алматыда - 3845 тг, қан талдауы үшін де ақшаны осы қалада көп төлейсіз - 1628 тг. Ал жалпы зәр талдауы ең қымбат Атырауда болып шықты  - 1004 тг.

Шипажайлар қызметтері жылына 4,9%-ға,  тәулігіне 9062 теңгеге дейін қымбаттады. Ең қымбат баға елдің солтүстігінде белгіленді: Қостанайда - тәулігіне 12366 тг және Астанда тәулігіне  - 13222 тг.

Массажист (мойын жағы) қызметтері 7,8%-ға өсті, бір процедурасы - 828 тг. Ең жоғары баға Алматыда тіркелді - 1537 тг.