Дәрігерге қол көтерген алматылық жүкті әйелге айыппұл салынды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда құрсағындағы баласының жүрегі соқпай тұр дегенді естіген келіншек дәрігерге қол көтерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматыдағы №7-шіқалалық ауруханада шу шығарып, дәрігерге қол көтерген емделушіге 25 мың теңгекөлемінде айыппұл салынды.

7-ші қалалық аурухананың гинекологы Гүлмира Жамаеваныңайтуынша, жүкті келіншек оның кабинетіне кіріп, ақылы УДЗ-ға түскен.

«Тексерілуге келгенкеліншек орындыққа отыра салып, телефон арқылы біреумен қатты ұрсысты. Мен одантынышталуын сұрадым. Содан кейін ультрадыбыстың нәтижесін беруін өтіндім. Олмаған жатырдағы ұрықтың жүрек соғысы жоқ екенін айтты. Ол УДЗжүктіліктің сегізінші аптасында түсті. Негізі жүрек соғысы бесінші аптадасезіледі. Мен оған мұндай жағдайда шарананың іште қатып қалғанын, жүрек соғысы жоқтығын айттым»,-дейдідәрігер.

Мұны естіген келіншек, ашуға бой алдырып, дәрігердіңүстеліндегі компьютерді лақтырып, дәрігерге қол жұмсаған. Сосын тіркеу бөліміндегі қызметкерге дөрекі сөйлеп, бетіне түкіріп жіберген.

Жұмыс орнында болған гинеколог науқасты сотқа берді. Сотоған дәрігерді қорлады және ұрды деп айып тағып , 10 АЕК айыппұл салды.

«Сотта ол жылады, бірақ менен кешірім сұрамады. Сот келіншекті кінәлі дептанып, оған айыппұл салды»,-дейді дәрігер Гүлмира Жамаева.