Биыл күннің ерте жылынуы Ресейде кенелердің белсенділігін оятты. Бұл жәндіктер шақса, адамдарға энцефалит, Лайм ауруын немесе боррелиоз дертін жұқтыруы мүмкін.
Көктемнің басынан-ақ адамдар кене шақты деген шағыммен медициналық мекемелерге жиі бара бастады. Шағымданғандар саны өткен жылғыдан артық. Олардың үштен бірі балалар. Бұл өткен жылғы көрсеткіштен үш есе көп. Әзірге кене шағу салдарынан энцефалитке шалдығу оқиғасы тіркелмеді. Алайда адамдардың боррелиозды жұқтыруы байқалуда, деп жазады planet-today.ru сайты.
Ақ халаттылар хабарлағандай, ағымдағы жылы көктемнен бастап бұл елде кене шағу салдарынан боррелиозге шалдығудың жүзден астам оқиғасы тіркелді. Дәрігерлер азаматтарға энцефалитке қарсы екпе жасауға кеңес береді. Олар қауіпсіздік шараларын сақтауды сұрап отыр. Дәрігерлердің болжамына сәйкес, биыл Ресейде кенелердің белсенділігі жоғары болмақ.