Әлемдегі адамдардың 95 пайызының денсаулығында кінәрат бар, олардың шамамен үштен бір бөлігі бір уақытта 5 және одан көп ауруларға шалдыққан.
Зерттеуге сәйкес, әлемдегі ең көп таралған дерттер қатарына анемия, күйзеліс және арқа ауруларын жатқызуға болады. Оларға Жердің әрбір алтыншы тұрғыны шалдыққан. Сондай-ақ ең көп таралған аурулардың арасында сусамыр, тіс жегісі, сақина (мигрень) және мойындағы ауруларды атауға болады, деп хабарлайды РИА Новости.
Мамандардың есептеуінше, балалардың 60 пайызға жуығы дүниеге науқас болып туылады, негізінен бұл үшінші әлем елдерінде орын алатын жағдай.
Зерттеу ғасырдың соңғы ширегінде сырқат жандардың саны тез өсіп жатқанын көрсетті.