Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы зардап шегушінің қыз бала екенін мәлім етті. Ол №2 қалалық балалар клиникалық ауруханасының қабылдау бөліміне бас, иық және аяқ жарақаттарымен жеткізілді.
«Қабылдау бөлімінде кішкентай қызды нейрохирург, травматолог және хирург қарады. Жағдайы тұрақты, есін біледі. Бас терісінде гематома болды. Рентгенография – екі проекцияда жасалды. Тексеруден және медициналық көмектен кейін ол амбулаторлық емдеуге жіберілді», - деп хабарлады Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Бұған дейін әлеуметтік желіде Daewoo Nexia көлігінің баланы қағып, ойын алаңына кіріп кеткен видеосы пайда болған.