Бұл туралы шетелдік БАҚ хабарлады.
Журналистердің мәліметтеріне қарағанда, құлақтың ішінде бақбақ қауызы гүл жарып, екі сантиметрге дейін өскен. Қыздарының төрт ай бойы құлағының ауыратынын айтқан шағымынан кейін ғана оның ата-анасы дәрігерлерге жүгінген.
Дәрігерлер дер кезінде әрекет жасады. Олар бақбақтың құлақтың өту жолын түгел жабуы мүмкін екендігін және баланы сәл кеш әкелгенде оның денсаулығына айтарлықтай зардабын тигізетіндігін мәлім етті. Дәрігерлердің айтуынша, құлақтағы жылы және дымқыл орта гүлдің өсуіне себеп болған.