Дәрігерлер баланың өкпесінен тірі балық тапты

АСТАНА. 6 маусым. ҚазАқпарат - Үнділік хирургтер ғажайып операция жасады. Олар 12 жасар баланың өкпесінен тірі балықты алып шықты.

Бұл туралы британдық The Sunбаслымына сілтеме жасай отырып РосБизнесКонсалтинг хабарлады.

Үндістанның тұрғыны Анил Барела бұлақтың жанында ойнап жүргенде балықты жұтып қойған. Ол бұрындары да осылай істеген. Алайда бұл жолы балық асқазанға емес, баланың өкпесіне барып, тұрып қалды.

Соның салдарынан баланың қанындағы ауа қысымы күрт төмендеп, тұншыға бастаған. Баланың ата-анасы оны ауруханаға жеткізген.

Дәрігерлер рентген жасап баланың денесінде балық бар екендігін көрген. Осыдан кейін балаға шұғыл ота жасалған. Хирургиялық операция 45 минутқа созылған, адам айтса сенгісіз өкпеден алынған балық тірі болып шықты.

Балаға операция жасаған дәрігер Прамод Джхавар мәлім еткендей, ол мұндай жағдайға 20 жыл ішінде бірінші рет тап болған.