Дәрігерлер: балық еті күйзелістен арылуға көмектеседі

АСТАНА. ҚазАқпарат - Балық және теңіз өнімдерін тұтынуды нұсқайтын диета адамды күйзелістен арылтып, өзін бақытты сезінуге көмектеседі. Австралиялық ғалымдар бұл тұжырымға күйзеліске ұшыраған әр жастағы 82 еріктінің үстінен жүргізген зерттеуден кейін келді.

Бірінші кезекте адамдардың басым бөлігінде депрессия фаст-фуд, тәтті тағамдар мен етті мөлшерден тыс тұтынып, дұрыс тамақтанбаудан басталған. Бұлай тамақтану жүрек-қан тамырлары ауруларын тудыру қаупін арттырып қана қоймай, гормонға және ми қызметіне әсер етеді.

Дұрыс тамақтанбаған кезде ми нәрлі заттарды жеткілікті ала аламай, салдарынан қан айналымы нашарлайды. Соның кесірінен көңіл-күйі түсіп, күйзеліске ұшырайды, ал тіпті асқынған жағдайда психикалық ауруларға шалдығады, деп хабарлады Kedem.