Дәрігерлер батуттан зардап шеккен балалардың жағдайы туралы айтып берді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордада батутпен болған жағдайдан зардап шеккен төрт баланың біреуі жансақтау бөлімінен травматологияға ауыстырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Балалардың (үшеуінің) жағдайы ауыр. Біреуінің денсаулық жағдайы тұрақтанған соң, оны травматология бөліміне ауыстырдық», - деп хабарланды №2 қалалық балалар ауруханасынан.

Дәрігерлердің сөзіне қарағанда, зардап шеккен балалардың жағдайымен танысу үшін Астана әкімі Әсет Исекешев келді.

Айта кетейік, «Жаннұр» сауда орталығының аумағында балалар ойнап жатқан батутты жел ұшырып әкетті.

ҚР ІІМ ТЖ комитетінің мәліметінше, батут бекітілген жерден 20 метр қашықтыққа жылжып кеткен. Осы оқиғаның салдарынан 5 бала ауруханаға жеткізілді. Оқиға бойынша тергеу жұмыстары басталды.

Бүгінге дейін Астанада батуттың аударылуынан зардап шеккен 4 баланың жағдайы ауыр екенін хабарланған еді.