Дәрігерлер: Баян Есентаеваның жағдайы ауыр, тұрақты

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Баян Есентаева ауыр халде жатыр, бірақ та тұрақты, деп хабарлады Алматы облысы Денсаулық сақтау басқармасаның басшысы Асхан Байдуәлиев.

«Кеше Баян Есентаеваны окулист, невропатолог, нейрохирург, жақ бет хирургі тексеріп қарады. Миы, кеуде тұсына компьютерлік томография, рентгенография жүргізілді. Миына зақым келген және құрсақ қуысын пышықтаған деген диагноз бойынша жеткізілді. Кеше ота, лапаротомия жасалды», - деп хабарлады Денсаулық сақтау басқармасының басшысы.