«Оның буыны сынған. Науқас учаскелік дәрігердің бақылауына алынып, амбулаториялық емделуге үйіне жіберілді», - деп хабарлады дәрігер.
Ол сондай-ақ науқастардың айтуынша, екеуі де базарға зат алу үшін келген.
Еске салсақ, оқиға 20 қарашада орын алды. Алматы ТЖД-ның ақпаратына сәйкес («Байсат» базарында ыдыс-аяқ сататын қатары) аумағы 720 шаршы метр сауда контейнерлері арасын жауып тұратын темір аспа қираған. Екі адам «103» қызметіне медициналық көмекке жүгінген. Зардап шеккен екі адам да ауруханаға жеткізілген.