«Жедел жәрдем көлігі қар мен боран құрсауында тұр. Жол көрінбейді, ауылда жарық жоқ. Жүкті әйелге таңертең ота жасалды, бала жүктіліктің 30-шы аптасында дүниеге келді. Оларды облыс орталығына жедел жеткізу керек», - деп мәлімдеді агенттік тілшісіне денсаулық сақтау органдарындағы ақпарат көзі.
Мәліметке сәйкес жедел жәрдем ауылға әрең жеткен. Енді кейін қайту үлкен қиындық болып отыр.
«Қазір ол жерге жедел қызмет өкілдері тартылған. Тракторлар да көмекке келген. Боран өте қатты», - деді медицина қызметкерлері.