Бүгінде індеттен Батыс Африкада 2300 адам қаза тауып, 4300-ден астам сырқаттанды. Мұның бәрі жарты жылда болған. Бұл жолғы эпидемия Эбола пайда болған 1976 жылдан бергі ең қауіптісі саналуда.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы өкілдері қазанда апта сайын індетті жұқтырғандар саны бірнеше мыңға артуы мүмкін деп дабыл қағуда. Эбола вирусынан 15 ел қатты зардап шегеді, бұл 22 миллион адамның өміріне қауіп төндіреді, деп хабарлады Meddaily.
2012 жылы канадалық ғалымдар: шошқалар мен маймылдардың тыныс алу жүйесі арқылы таралуы мүмкін екенін анықтаған болатын. Олардың өкпесі адамдардікіне ұқсас. Ауру белгілері 21 күн ішінде пайда болады. Жұқтырғандарды дереу тауып, оқшаулау оңай шаруа емес. Ал вирус өкпеге жұғатын болса, Эболадан өлім-жітім 90 пайызға жетеді, деп жазады rosbalt.ru.