Елбасының «Жаңа онжылдық - Жаңа экономикалық өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауына түсіндірме берген Алматы қаласының Салауатты өмір салты орталығы директорының орынбасары Гүлжаһан Кәрімова осылай деді.
«100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасы бойынша ашылып жатқан ауруханалар мен емханалардың қала тұрғындарына үлкен жағдай жасап жатқанын атап көрсетті. «Бізде алты перзентхана бар, бұл қаламыз үшін аздау, сондықтан да жақында Алматыдағы ашылатын Елбасы айтқан жаңа перинатальдық орталық бізге қажет-ақ. Ол жаңа туған нәрестелердің шетінеу көрсеткіштерін қысқартуға және қазақстандық әйелдердің өмірлерін ұзартуға көмектесетін болады», дейді Г.Кәрімова. Маманның айтуынша, 2009 жылы ана мен бала өлімі, алдыңғы жылға қарағанда, 0,4-0,5 пайызға төмендеген.
К.Кәрімова ханым, Алматы қаласының Салауатты өмір салты орталығының ағымдағы жыл бойы Жолдау жүктеген міндеттер бойынша жұмыс істейтінін айтты. «Елбасы айтқан салауатты өмір салты - біздің тұрақты қызметіміз. Біз барлық 16 бағдарламаны, оның ішінде «Темекіге қарсы», «Қоршаған орта», «Дұрыс тамақтану және салмақты азайту» және т.б. бағдарламаларын жалғастырамыз» дейді Г.Кәрімова.