«Денсаулық сақтауды цифрлық жаңарту мақсатында 4 өңірде медициналық құжаттарды қағазсыз жүргізу ілкі жобасы іске қосылды. Қарағанды облысында қағазсыз денсаулық сақтау жобасы сәтті жүзеге асырылып жатқанын атап өткен жөн. Оның аясында 70 мыңнан астам адам мобильді қосымшаларды пайдалуда. Осы жылдың соңына дейін барлық өңірлер медициналық ұйымдарда қағазсыз құжат жүргізу жүйесіне ауысады», - деді Елжан Біртанов.
Оның дерегінше, денсаулық сақтау саласында инвестиция көлемі 91 млрд теңгеден асатын 161 денсаулық сақтау нысаны пайдалануға берілді.
«Жеке инвестициялардың көлемі 2 есе өсті. Бұл медициналық қызметтер нарығын қайта реттеу бойынша қабылданған шаралардың нәтижесі болып табылады»,- деді министр.